A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:45 0

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да 22 команданың басын қосқан quiz-ойыны өтті

Бүгін / Өскемен
Конституцияны кеңінен насихаттап, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында республикалық «Жаңа Конституция және жастар» зияткерлік quiz-ойыны ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараны С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырды.
Аталған жоба жастардың конституциялық реформалар, мемлекеттік басқару және заң шығару үдерістері туралы білімін тереңдетуге, жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы сауаттылығын арттыруға, сыни ойлау және талдау қабілеттерін дамытуға бағытталды. Сонымен қатар іс-шара «Таза Қазақстан», «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеп, белсенді әрі жауапты жастар ортасын қалыптастыруды көздеді.
– Республикалық деңгейде өткен зияткерлік додаға еліміздің түрлі өңірлерінен барлығы 22 команда қатысып, өзара білім мен логика сайысында бақ сынады. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша Жаңа Конституция, құқықтық мәдениет, мемлекеттік саясат, жастар саясаты, заманауи технологиялар және қоғамдық даму тақырыптары аясында сынға түсті, – делінген Аманжолов университетінің баспасөз қызметі бөліскен мәліметте.

Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар:
* І орын – Абай облысы, Семей қаласы, Әлихан Бөкейхан университеті;
* ІІ орын – Аманжолов университеті;
* ІІ орын – Аманжолов университеті;
* ІІІ орын – Абай облысы, Семей қаласы, Шәкәрім университеті;
* ІІІ орын – Өскемен политехникалық колледжі;
* ІІІ орын – Аманжолов университеті.

Семейдегі Әлихан Бөкейхан университетінің 4-курс студенті Нұрсұлтан Қадырғазыев «Үздік ойыншы» номинациясына лайық деп танылды.
Аталған интеллектуалдық алаң жастардың құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, белсенді, білімді әрі көшбасшы жаңа буын өкілдерін біріктірген маңызды республикалық жобаға айналды.

Фотосурет: ШҚУ баспасөз қызметінен

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив