Өскеменде ҚПЛ-дың 12-туры аясында «Алтай-Өскемен» мен «Астана» клубтары арасындағы матч өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ойынның 30-ші минуты өтіп жатыр. Алаң иелері 4 мәрте қақпаны дәл көздеп, сол қапталмен бірнеше өткір шабуыл өрбітті. Сейф Попов пен Ибрагим Дадаев «Астана» қақпашысы Чондричті мазалап-ақ жатыр.
Елордалық команда сапында Әлібек Қасым қорғаныста сауатты ойнап, өскемендік шабуылшыларды тұсап бағуда. Ал «Алтай-Өскемен» құрамында қорғаушы Самуэль Одейобо тісқаққан Томасов пен Бауыржан Исламханның адымын аштырар емес.
Әділхан ЕСІМХАНОВ
Пікірлер