Екінші тайм бастала салысымен, елордалық команда есеп ашып үлгерген болатын. Өскемендік ұжым тез жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жанкүйер орын-орнына толық жайғасып үлгермей, «Астана» клубының шабуылшысы Рамазан Кәрімов есеп ашты. 49 минут бойы қақпасына гол жібермеген Иван Коновалов қитұрқы соққыны қайтара алмады. Өскемендік жанкүйерлен сөзінше, «Алтай-Өскемен» шабуылы жақсы, тек ұрымтал сәтті голға айналдыру мүмкіндік болмай тұр. Дегенмен ойынның 67-ші минутында клуб капитаны Дмитрий Шмидт Чондрич қақпасынан саңылау тауып, есепті теңестірді.
Ал жанкүйерлер қарасы өткендегі «Оқжетпеске» қарсы өткізген матчтан қалың.
Әділхан ЕСІМХАНОВ
Пікірлер