A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:15 0

"Казцинктегі" жарылыс: Тергеу нәтижесі маусымда жарияланады

Бүгін / Өскемен

“Казцинк” кәсіпорнындағы адам өліміне әкелген жарылысқа қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Оның сөзінше, жарылыстың нақты себебін анықтау үшін тергеуге отандық жоғары оқу орындарының ғалымдары тартылған.

- Тергеу жүріп жатыр. Бұл мәселеге жан-жақты қарап отырмыз. Жарылыстың қалай болғанын түсіну үшін университет ғалымдарын тарттық. Нәтижесін міндетті түрде БАҚ-та жариялаймыз, – деді Тұяқбаев Мәжіліс кулуарында.

Вице-министрдің айтуынша, тергеу нәтижесі маусым айында белгілі болуы мүмкін.

Сонымен қатар ол тексеру аяқталғаннан кейін қорытынды ресми түрде қоғамға жария етілетінін айтты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив