A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:20 0

Өскемендегі Ертіс көпірінде бір топ жасөспірім велосипедшіні көлік қақты

Бүгін / Өскемен

Жол апаты 27 мамыр күні сағат 09:30 шамасында Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің көпірінде болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Avensis маркалы көлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, велосипедшілер легін қағып кеткен.

- 27 мамыр күні сағат 09:30 шамасында Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің көпірінде Toyota Avensis маркалы көлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, велосипедшілер легін қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан кәмелетке толмаған 6 велосипедші медициналық көмекке жүгінді. Аталған факті бойынша қазіргі таңда тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратында. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив