Жуықта өткен сот отырысында ер адам жабайы аңнан қорғану үшін қару алуға мәжбүр болғанын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алтай аудандық сотының баспасөз қызметі өкілдері мәліметінше, сотқа тартылған тұрғын қолында үйрек пен борсық атуға рұқсат қағазы болса да, қабанды атып жіберген. Соған қарамастан ол кінәсін мойындаған жоқ. Қабанды қорғану мақсатында атқанын, оқиға түз тағысының бұта арасынан атып шыққан кезде болғанын алға тартты. Ары қарайғы әңгімесінде Алтай тұрғыны жабайы аңды сойып, етін бұзып, дорбаға салып алып кеткен. Ал полиция мен аңшылық қауымдастықтағыларға сол уақытта шошынып қалғандықтан тіс жарып айта қоймаған.
- Жауапкер ойын былай деп қорытындылады: ол қабанды қорғану мақсатында атты. Сот мұны негізсіз деп таныған. Бейнежазбада жауапкер мен тергеу кезінде анықталмаған ер адамның қабанның соңына түскені көрінеді. Қолына қару алып, иттерді ізіне түсірген, - деді соттың баспасөз қызметіндегілер.
Сот жауапкерге қабанды заңсыз аулағаны үшін 1 млн 293 750 мың теңге айыппұл салып, мемлекетке келтірілген шығынды өтеуді міндеттеді.
Пікірлер