A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 14:30 0

ШҚО-да 2 млрд ағаш егу жоспары қалай орындалып жатыр?

Бүгін / ШҚО

Мемлекет басшысы тапсырмасымен осындай мөлшерде ағаш егу қарқынына көз жүгірттік. Жалпы, 2027 жылға дейін өңірде 76 млн түп ағаш егу жоспарланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жұмысшылар бірнеше күн еңбектенеді

Өңір табиғаты орман мен тауды, өзен-көлдер мен бұлақтарды бір-бірімен байланыстыратын ерекше әрі тығыз экожүйеден тұрады. Аймақтағы орман шаруашылығының қазіргі жағдайын Үбі өзені бойынан да көруге болады.

Бұған дейін Үбі өзені арқылы ағаш тасымалданған. Таудан кесілген ағаштарды жеткізудің ең қысқа жолы осы болғандықтан өзенмен көп мөлшерде бөрене жіберілді. Алайда орман ағаштарының кесілуі мен өзендегі бағалы балықтардың уылдырық шашатын жерлерінің лайлануы бұл жұмыстың тоқтауына себеп болды. 1987 жылы Үбі өзенімен ағаш ағызуға тыйым салынған.

Қазір өзен бойындағы жағдай өзгерді. Орманшылар қайықпен көшеттер тасымалдап, орман алқаптарын қайта қалпына келтіріп жатыр.

Үбі өзенінің жоғарғы бөлігіне жету де оңай емес. Кей аумақтарға трактормен баруға мүмкіндік болғанымен шалғай жерлерге көшеттер қайықпен жеткізіледі.

Жоғарғы Үбі орман шаруашылығының директоры Тұрсынхан Айтымбетовтің айтуынша, орманшылардың шалғай аумақтарға көшет жеткізуі оңай емес.

– Кейбір жерге трактормен жетуге болады. Ал көп жағдайда көшеттерді қайықпен тасымалдауға тура келеді. Арақашықтықтың алыс болуына байланысты жұмысшылар сол аумақта бірнеше күн қатарынан қалып, еңбек етеді, – дейді ол.

Ағаштар неге отырғызылмады?

Жоғары Үбі орманшылығы аумағының 90 пайыздан астамын орман алқабы алып жатыр. Белгілі бір аумақтар жоспарға енгізілген соң ол жерге көшеттер жеткізіліп, отырғызылады. Дегенмен орманды қалпына келтіру тек ағаш отырғызумен шектелмейді. Жас көшеттерді күтіп-баптау жұмыстары да орманшыларға жүктелген.

Президент тапсырмасына сәйкес, Шығыс Қазақстан топрағында 2027 жылға дейін 76 млн түп ағаш отырғызу жоспарланған. Соңғы бес жылда оның 40 млн-нан астамы егілді.

Дегенмен жоспар толық орындалмаған. Өңірдегі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайыновтың айтуынша, соңғы бес жылда 49 млн 550 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Оның 3 миллионы әлі отырғызылмады.

Жоспардың орындалуына ауа райының қолайсыздығы, өрт қаупі кезеңінің ұзаққа созылуы және басқа да табиғи фактор кедергі келтіреді. Аймақта өрт қаупі жоғары кезең 13 сәуірден басталып, қараша айына дейін жалғасады. Бұған қоса, күз мезгіліндегі қардың ерте жаууы, жауын-шашын мен орман өрттері де көшет отырғызу жұмыстарына әсер етеді.

Соған қарамастан басқарма қажетті техника мен мамандар жеткілікті болса, жоспарды толық орындауға болады деп есептейді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив