A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:00 0

Қазақстан ЖОО-ларды аккредиттеу талаптарын жаңартпақ

Бүгін / Республика

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі X Орталық Азия халықаралық форумында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, Еуропалық жоғары білім кеңістігінде білім сапасын қамтамасыз етуге арналған ESG стандарттары қайта қаралып жатыр. Жаңартылған құжат жобасында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдануға да назар аударылған.

– Қазақстан ұлттық аккредиттеу тәсілдерін ESG-дің жаңа редакциясына сәйкестендіруі керек. Ол үшін аккредиттеу агенттіктерінің стандарттарын, ЖОО-лардың ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын талаптарды және сыртқы бағалау рәсімдерін жаңарту қажет. Бұл жұмыс агенттіктермен, ЖОО-лармен, студенттермен және жұмыс берушілермен диалог негізінде жүргізіледі деп жоспарлап отырмыз, – деді Талғат Ешенқұлов.

Сонымен қоса, вице-министр университеттерді цифрландыру, жасанды интеллектіні қолдану және білім сапасын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері Еуропалық жоғары білім кеңістігінде тұрақты талқыланып келе жатқанын атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив