Тоқты
Өз ортаңызда абыройыңыз артып, даңқыңыз аспандай түседі. Осы сәт ұзақ уақыт бойы жадыңызда берік сақталмақ. Той-тоймалақ пен түрлі жиындарға жиі шақырады. «Денсаулық үшін алып қоялық» деген тілектестік ниетпен небір ортада болып, жаңа достар табасыз.
Торпақ
Қазір аз-кем үзіліс жасап, өміріңізде не болып жатқанын бағамдау үшін жақсылап ойланып алғаныңыз жөн. Осы бастан қабылдаған шешіміңіз біраз дүниенің байыбына баруға сеп.
Егіздер
Уақыты келгенде өміріңіз гүлдене түсіп, қуанышты сәттер көбейеді. Алайда оған дейін жүріп өтетін жолыңызда сүрінбеуге тырысыңыз. Жұмысыңызда барлығы оңалады. Дос-жарандарыңыз бас қосып, апта соңына қарай сы йлық жасап қалулары мүмкін.
Шаян
Жер-жаһандағы тұрақтылық оң әсер етеді. Иә, қызық естілгенімен, сіз үшін алынбайтын қамал жоқ. Табысыңыз жоғарылап, соңғы уақытта өзгелер жетпеген жетістікке бір қадам жақындайсыз. Осыншама белсенділік танытуыңызға кейде өзіңіз де таң қаласыз.
Арыстан
Сөзден жеңілмей, қырын қараған кімге болсын қарсы уәж айтуға әзір тұрасыз. Апта ортасына қарай көпшілік алдына шығып, өз ұстанымыңызды қорғап, сын пікірлерге салмақты жауап қайтарасыз. Сөзіңізге құлақ асатындар көбейеді.
Бикеш
Сіз жақындарыңызды, жақындарыңыз сізді мақтан етеді. Бағалайды, жақсы көреді, құрметтері де ерекше. Ал достарыңыз отбасындағы тепе-теңдікті сақтау қабілетіңізге тәнті болады.
Таразы
Айналаңыздағы адамдар әр қимылыңызды бақылауда ұстап, үнемі сенімді қадам жасауыңыздың сырын сұрайды. Бір сәт жинақылық танытыңыз. Әлдекімдердің алып-қашпа әңгімелеріне құлақ асамын деп маңызды оқиғаларды жіберіп алмаңыз.
Сарышаян
Өміріңізде қандай өзгерістер болып жатқанын ұдайы бақылауда ұстаңыз. Тіпті жүрек соғысының жиілігі мен күнделікті аяқ алысыңызды назарға алыңыз. Ұжымда кикілжің болуы мүмкін. Барынша жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз.
Мерген
Сүйіктіңізге көптен бері айта алмай жүрген сырыңыздың бөгеуін ағытасыз. Қазір сіз үшін махаббат пен кедейшіліктің еш айырмашылығы жоқ. Неліктен? Екі жағдайда да адамгершіліктің ең биігінен көрінесіз.
Тауешкі
Соңғы уақытта әріптестеріңіздің арасында түсініспеушіліктер жиілеп, араша болуға тура келеді. Әйтсе де араша боламын деп аралары одан сайын ашылып кетпесін. Себебі олар оң мен солын сізден сұрайды.
Суқұйғыш
Басшылық еңбегіңізді елемей, тапсырманы үймелеуі мүмкін. Бұл үшін қатты қапаланудың қажеті жоқ. Себебі жалақыңыз азайғанымен басшыңыздың сізге деген құрметі мен сенімі төмендеген жоқ.
Балықтар
Жанұяңызда мереке көбейіп, ел назары сізге ауады. Қуаныш сезімін орынды жұмсаңыз, әйтпегенде сырт көздің сынай қарауы отырыс шырқының бұзылуына әкеліп соқпақ. Жұмысыңызда лауазымыңыз өсіп, әріптестеріңіздің сеніміне ие боласыз.
Пікірлер