Кеше түнде Алтай ауданына қарасты Серебрянск қаласында апатты жағдай болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, көлік жүргізушісі жылу желісін соғып кеткен. Салдарынан қала тұрғындары жылусыз қалды.
Түнде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жағдай қалпына келтірілді. Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың сөзінше, кінәлі адамды жауапқа тарту керек.
- Төтенше оқиға кімнің кесірінен болғаны анықталды. Оған айыппұл салып, жауапқа тарту керек. Сондай-ақ кінәлі адам қала тұрғындарынан кешірім сұрауы тиіс, - деді ол.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер