Ресми ақпаратты Алтай ауданы әкімдігі ұсынды. Бұдан өзге, «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс бойынша ақпаратпен де бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жұмыс республикалық, облыстық бюджет трансферттері мен облыстық несиелеу есебінен жүріп жатыр.
– Бұл үйлер халықтың әлеуметтік осал топтарына қарастырылған. Үйлер саны сұранысқа сәйкес кезекте тұрғандар саны ескеріліп салынған. Биыл 25 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Кезекте тұрғандар барлық үйге қоныстанады. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар мердігерлерді жеке құрылыс салушылар өздері анықтайды, – деді аудан әкімі аппаратының басшысы Айдын Лухбеков.
Алтай ауданында құрылыс сапасын бірнеше мекеме қадағалайды. Айталық, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, аумағында үйлер салынып жатқан ауылдық округтердің әкімдері, сәулет, құрылыс және қала құрылысы басқармасы, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы. Ауданына қарай үйлер үш және төрт қабатты. Жергілікті жұрт құрылыс сапасына шағымданбапты.
– Ауданда баспана кезегінде 1370 адам тұр. Баспанаға мұқтаждық ауданның барлық ауылында байқалады. Биыл Алтай қаласында «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынған 25 үйді пайдалануға беру жоспарлануда, – деді Айдын Дәлелғазыұлы.
Фотосурет Inbusiness.kz
Пікірлер