A+ A A-

talgatzhan 30 8-10-2024, 10:31 0

Алтай ауданының диқандары 1,7 миллиард теңге несие алуға өтінім берген

Алтай

Жалпы аудан бойынша егін жинау науқанына 119 ауылшаруашылық ұйым тартылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мұнда биылғы егіс алқабы 76,6 мың гектарды құрады. Соның ішінде: дәнді-бұршақты дақылдар - 32,4 мың гектар (42,3%); майлы дақылдар - 35,6 мың гектар (46,5%). Ресми ақпаратқа сүйенсек, жалпы аудан бойынша егін жинау науқанына 119 ауылшаруашылық ұйым тартылған. - Биыл егін жинау үшін 1157 тонна жеңілдетілген дизель отын және дәнді-майлы дақылдарды кептіруге 1435 тонна дизель бөлінді. Сондай-ақ 933 тонна дизель отынын алуға қосымша өтінімдер берілді. Бүгінге дейін алқаптан 59,19 мың гектарға жуық астық жиналды. Соның ішінде: дәнді-бұршақты дақылдар - 32,31 мың гектар, дақылдың орташа өнімділігі 26,8 ц / га; майлы дақылдар 18,64 мың гектар, оның орташа өнімділігі 22,9 ц / га. Егінді толық оңтайлы агротехникалық мерзімде жинап бітеміз, - делінген Алтай ауданының әкімдігі берген ақпаратта. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге Алтай ауданының диқандары 1,7 млрд. теңге сомасына 23 несие алды.

 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив