Мереке қарсаңында аудандағы нан және нан-тоқаш өнімдерін өндірушілер біркісідей атсалысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алтай қаласында өткен көрме-жәрмеңкеге осы ауданның 13 кәсіпорыны өз өнімдерін ұсынды. - Аудандағы кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер өз наубайханаларында нанның түр-түрін пісіреді. Атап айтқанда, дәстүрлі жоғары сортты, 1 сортты, 2 сортты, қара бидай мен кебектен жасалатын түрлері, «Бородинский», «Здоровая линия»: «Здравница» аталатын ауданнан шыққан нан брендтері, тіпті фитнес-нан, ашытқысыз, сәбіз, қарақұмықтан жасалатын нан, қалаштар мен пияз қосылған багет, сарымсақ багеті, поляк багеті сынды түрлері көрмеге қойылды, - делінген аудан әкімдігі бөліскен ақпаратта. Алтай ауданындағы нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіретін кәсіпорындар ауданды ас атасымен толық қамтамасыз етеді.
Пікірлер