Бұл сұраққа аудан басшысы Ренат Құрмамбаев Өңірлік коммуникацилар қызметі аумағында өткен жиында жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, қазір тұрғындар табысын арттыру тетігі қарастырылып жатыр. Кейбірі кәсіп ашып, содан нәпақасын тауып отыр.
- Аудан халқының орташа жалақысы облыс көлеміндегі табыспен қарайлас. Оған түрлі ірі кәсіпорындардың жұмыс істеп тұрғаны да себепші. Тұрғындардың орташа табысы - 200 мың теңгеден асады, - деді аудан әкімі.
Пікірлер