A+ A A-

talgatzhan 24 10-10-2024, 14:50 0

«Бюджетке 45 млн теңге түсетін еді». Алтай ауданында 12 адамның жобасы әкімдік өкілдерін қызықтырып отыр

Алтай / Бүгін

Алтай ауданы әкімдігі кәсіпкерлікті қолдаудың бірнеше әдісін ойластырған. Жауапты тұлғалар соны ауылдық округ әкімдеріне айтып келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылғалы бес адам жалпы сомасы 30 млн теңгеге несие алып, кәсібін бастаған. 
- Халықпен кездескенде кез келген кәсіп ашуда қолдаулар барын айтып жүреміз. Бірі - туризм бойынша мүмкіндігін байқаса, енді бірі - мал басын көбейтіп жатыр. Мана айтылған бес азамат тоғыз ай ішінде 25 мың теңге салық төледі. Иә, 25 мың. Әрине, көп ақша емес. Себебі,  «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша алғашқы жылы оларға жеңілдік беріледі. Келесі жылдары ісі ілгерілеп, туризм болсын, мал өсіру бағытында болсын, табысқа кенеле бастаса, толық көлемде салық төлеуге көшеді. Бес адамның 25 мың теңгесі аудан қазынасына түсті. Егер олардың саны 50 немесе 500 болса, түскен қаржы мөлшері сөзсіз өзгереді, - деді аудан басшысы Ренат Құрмамбаев.
Осыған байланысты жауапты тұлға биыл ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырма берді. Яғни, аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі өкілдерімен тізе қосып, ауылдарды аралап шығулары керек. 
- Қазір бізде 27 адамның жобасы дайын. Оның жалпы сомасы 267 млн теңге. 27 жобаның 12-сі (142 млн теңге) приоритетті болып таңдалды. Егер 12 жоба толықтай іске асса, санап көріп едік, аудан бюджетіне қосымша 45 млн теңге түседі, - деді Ренат Тілеуханұлы.
Әділхан ЕСІМХАНОВ (Фотосурет автордікі)

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив