Сенбі күні Алтай, Серебрянск қалаларында, Жаңа-Бұқтырма кентінде жәрмеңкелер өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жәрмеңкеге жергілікті тауар өндірушілердің, шаруа мен фермер қожалықтарының өнімдері қол жетімді бағамен қойылды. Сатылған өнімдердің құрамына сиыр, жылқы еті, күнбағыс майы, бал, балғын және ысталған балық қойылды.
Жәрмеңкеде барлығы 8,7 млн теңге сомасына 3,5 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.
Пікірлер