Ауқымды шараны ойдағыдай өткізу үшін округ әкімдіктері ұйымдаса әрекет етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Республика күні қарсаңында Ертіс жағалауында тігілген киіз үйлер маңында адамдар саны айрықша молайды. Өткен-кеткеннің бәрі бірін-бірі құттықтап, қауқылдасып жатты. Күршім ауданы әкімінің орынбасары Мейржан Альбековтің сөзінше, той өткізуге тұрғындар мен кәсіпкерлер зор үлестерін қосты.
- Бұған маңайлас аудандар, Күршім ауданы тұрғындары атсалысып жатыр. Ал көпірдің ашылуы бірнеше ауданға экономикалық серпіліс беретіні белгілі. Бұл халықтың ұзақ жылдар күткен арманы еді. Сауда-саттық болсын, барлық тарапқа тиімді. Бүгінгі халықтық мереке аясында 37-38 киіз үй тігілді. Спорттың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылады, - деді ол.
Пікірлер