A+ A A-

talgatzhan 25 20-11-2024, 11:38 0

Өскеменде мопед мінгендерді енді қатаң қадағалайды

Өскемен

Қаладағы жол қозғалысы ережелеріндегі өзгерістерге байланысты мопедтердің қатысуымен болатын жол апаттарының саны азаяды деген болжам бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайытының тілшісі.

Келесі жылдың 4-сәуірінен бастап мопед жүргізушілеріне қатысты жол қозғалысының жаңа ережелері мен талаптары қолданысқа енеді. Енді тіркеуге енбеген мопедтерді тізгіндеуге тыйым салынады, сондай-ақ жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана басқара алады.
Жыл басынан бері Өскеменде мопедтердің қатысуымен 70-тен астам жол көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 80 адам зардап шекті, ең сорақысы, жол апатына түскендердің жартысы – кәмелетке толмағандар.
– Жасөспірімдердің мопедтер мен скутерлерді басқаруы жол апаттарының күрт өсуіне әкеліп отыр. Келесі жылдың сәуір айында күшіне енетін өзгерістердің арқасында барлық мопед тіркеліп, оларды тек куәлігі бар жүргізушілер басқара алады. Бұл қаладағы мопед апаттарының санын едәуір азайтады, – деп түсіндірді Өскемен полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясының бастығы Сергей Коваленко.
Сондай-ақ мопед жүргізушілеріне көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жаза қолданылады.

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив