A+ A A-

talgatzhan 38 20-11-2024, 12:43 0

2025 жылы Өскеменде қандай жолдар жөнделеді?

Өскемен

Келер жылы қаладағы орташа жөндеуден өтетін көшелердің тізімі құрылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, орташа жөндеу екі кезеңмен жалғасады. Біріншісі сәуір-мамыр айларына жоспарланған.
Бұл кезеңде қаладағы келесі жолдар жөндеуден өтеді:
•    Абай даңғылы мен Интернациональная көшесінің қиылысынан бастап, "Старый подхоз" автобус аялдамасына дейін;
•    Үлбі арқылы өтетін көпірге дейінгі жолды қоса алғанда Шәкәрім даңғылы мен Абай даңғылдары;
•    Қабанбай батыр көшесі, Новаторов көшесінен Малдыбаев көшесіне дейін;
•    Интернациональная көшесі арқылы өтетін Үлбі көпірі;
•    Крылов және Астана көшелері тұсындағы Үлбі арқылы өтетін көпір;
•    Рейша көшесі;    
•    Назарбаев даңғылындағы Виноградов көшесінен 30-шы Гвардиялық Дивизия көшесіне дейінгі жол;
•    Қазақстан көшесінен бастап, Горький көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейінгі жол;
•    Қазақстан көшесінен Буров көшесіне дейінгі жол;
•    Севастопольский көшесі;
•    Көкжал Барақ көшесі, Сәтбаев даңғылынан Солтүстік магистральға дейін;
•    Вешный тұйық көшесі, Согринский көшесінен Егоров көшесіне дейін;
•    Геологический көшесінен Волочаевский көшесіне дейін;
•    «Болашақ» шағын ауданының Орталық көшесі;
•    Брусиловский көшесі (автовокзал ауданы);
•    Абай және Шәкәрім даңғылдарынан облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа (бұрынғы бірінші қалалық аурухана) баратын жолдар;
•    Иванов көшесі (20-шағын аудан);
•    21-ші шағын аудандағы орталық көше.
Екінші кезеңде орташа жөндеуден өтетін көшелердің тізімі кейінірек әзірленеді.

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив