A+ A A-

talgatzhan 16 9-12-2024, 16:12 0

Өскеменде үстел теннисі академиясы салынады

Өскемен

Бұдан бөлек, жауапты тұлғалар қаладағы балабақшаларда теннис клубтарын ұйымдастыру бастамасын көтерді, деп хабарлайды Buqara,kz сайтының тілшісі.

Академияға еліміздің түкпір-түкпірінен балалар келіп, білім алып тұра алады.
Бұл туралы Өскемен қаласының бұрынғы әкімі, облыстық үстел теннисі федерациясының басшысы Жақсылық Омар мәлімдеді.
- Өңірдегі үстел теннисі федерациясы кезекті жұмыс кеңесін өткізді. Мемлекет басшысы биыл Өскеменге келіп, аймақтағы үстел теннисінің фдамуына жоғары баға беріп, даму бағытын белгіледі. Осыған сәйкес федерация алға қойған жоспарларын жүзеге асыра бастады. Жер учаскесі бөлініп, республикадағы тұңғыш ұлттық үстел теннисі академиясын салу жобасы әзірленуде. Онда әртүрлі өңірлерден келген балалар тұрып, оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, шеберліктерін шыңдай алады, - деді Жақсылық Омар.
Сонымен қатар кеңес барысында қаладағы балабақшаларда теннис клубтарын ұйымдастыру бастамасы талқыланды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив