A+ A A-

talgatzhan 28 9-12-2024, 17:00 0

Өскеменде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Өскемен / Бүгін

10 желтоқсанында Өскемен қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқу-жаттығу барысында терроризмдік сипаттағы жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мәселелері қарастырылады. 
- Осыған байланысты бірқатар шектеу шаралары, оның ішінде Желтоқсан және Пермитин көшелерінде, сондай-ақ АДК-Ривер аумағында автокөлік қозғалысына шектеу қойылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарар, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тиісті мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз, - делінген терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы таратқан ақпаратта.

Фотосурет Bestnews.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив