A+ A A-

talgatzhan 30 26-09-2024, 15:10 0

Елдос Сметов Өскеменге келді

Өскемен / Бүгін

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов бүгін Өскеменге келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

60 келіге дейінгі салмақта төртжылдықтың басты бәсекесінде топ жарған спортшыны алдымен Өскемен әуежайында қарсы алып, артынша облыс әкімі Ермек Көшербаевпен жүздесті. Жиында әкімдік өкілдерінен бөлек, бұрын үлкен спортта толағай жетістікке жеткен азаматтар болды. Бірі - дзюдодан, бірі - кикбоксингтен жаһандық жарыстарда оза шапқан. Олар республикадағы дзюдо бапкерлерін, өздері де ірі сайыстарға дайындық жүргізген спорт орталықтарын сөз етіп, Олимпиада ойындары мен түрлі тақырыптарда әңгіме өрбітті.

 
- Бүкіл әлем көз тіккен додада ел намысын арқалап шығу оңай емес. Сол сайыста үздік шықсаң, тіпті ғажап. Біз де облыс спортшыларынан кикбоксингтен 5 дүркін Әлем чемпионы атанған Асқар Можановты айта аламыз. Маңдай тер мен тыңғылықты әзірліксіз кішігірім жарыстарды да ұту қиын, - деді Ермек Көшербаев.
Жиынға қатысқандар Сметовтің Өскеменде жасөспірімдер арасында өткен турнирлердің бірінде бақ сынағанын айтты. Бірақ ол кезде ешбірі сол жас палуанның кейін үш Олимпиадада қатар атой салатынын білмеген. Елдос болса, сол кездегі Өскемендегі жарыста жүлдесіз қалғанын жымия жеткізді. 

 
Емен-жарқын әңгіме шертіскен соң әкімдік өкілдері чемпионның иығына шапан жауып, сый-сыяпатын көрсетті. Мәлім болғандай, татами шебері Өскемендегі балғын дзюдошыларға шеберлік сабағын өткізбек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив