A+ A A-

talgatzhan 25 26-09-2024, 17:50 0

«Алтай Жастар» ойыншылары «Оқжетпестен» басым түсті

Өскемен / Бүгін

Қазақстан Екінші лигасы аясында кеше «Оқжетпес Жастар» өз алаңында өскемендік ұжымды қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Есепті алғаш болып «Алтай Жастар» ойыншысы ашты. Қақпашының қателігін сәтті пайдаланған Бекжан Қабылғазин өз командасын алға шығарды. Ал ойынның 59 минутында «Оқжетпес» ойыншысы Александр Воронин күтпеген жерден соққы жасап, есепті теңестірді. Ойын барысы одан әрі қызыды. Көп ұзамай өскемендік Ермахан Дүйсембай ерекше әдіспен гол соғып, ойынды одан ширата түсті. 73-ші минутта Ануар Аманжановтың баспен соққан керемет голынан алтайлықтар 2 гол айырмасымен алға шықты.
Барынша мінез көрсеткен «Оқжетпес» футболшылары ойынның 87-ші минутында есепті қысқартты. Гол соққан - Даниал Ақыш.
Осылайша «Оқжетпес Жастар» мен «Алтай Жастар» арасындағы кездесу 2:3 болып, ойын өскемендік ұжымның пайдасына шешілді.
Естеріңізге сала кетейік дәл осылай Қазақстан Бірінші лигасы аясында 19-ші қыркүйек күні «Алтай Өскемен» «Оқжетпесті» өз алаңында қабылдап, 1-0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Фотосурет редакция мұрағатынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив