Тұрғындар сөзінше, олар элект желілеріне зиян келтіріп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Анықталғандай, “Светоч” бақша қоғамдастығының тұрғындары жуықта облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман және аңшылық шаруашылығы жедел қимыл жасағына хабарлаған. Қала іргесіндегі бақша қоғамдастығындағы өзенде құндыздар қаптап кеткен. - Жануарлар бақшадағы ағаштарды кеміріп қана қоймай, аумақтағы электр желілеріне де зиян келтірген, - деп хабарлады жедел қимыл жасағының өкілдері. Қазір жергілікті тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Пікірлер