A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 17:20 0

Өскеменде әйелдер тақырыбындағы романның таныстырылымы өтті

Бүгін / Өскемен / Руханият

Бүгін А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада алматылық жазушы Ғалия Нұршайықовамен шығармашылық кездесуі өтіп, «Лоскутное одеяло» дебюттік романы таныстырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Лоскутное одеяло» – бір әулеттің әйелдері арқылы өрілген шежіресін терең зерттейтін туынды. Мамандығы бойынша кәсіби жылу энергетигі автор әдебиет әлеміне жақында ғана келсе де, өзін танытып үлгерді: оның алғашқы әңгімелері USW (Union of Steppe Writers) қауымдастығының жинағында жарық көрген.
– Менің романым – еліміздің басына түскен сын-сағаттар кезінде біздің әулеттегі әйелдердің мінезі мен рухы қалай қалыптасқанын түсіну үшін, шашырап қалған отбасылық естеліктерді құрақ құрағандай жинап, тұтас бейне жасауға талпыныс, –  дейді автор.
Шараға әдебиеттанушыар, тарихшылар, психологтар, студенттер, сондай-ақ шежіре мен өзін-өзі тану тақырыбына қызығушылық танытатын барлық оқырман қатысты. Ерекше қонақтарымыздың бірі Зина Зейнулина – Әзілхан Нұршайықовтың немере қарындасы және Еркеш Зиябекова жерлесі, Жарма ауданы, Бірлік орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Олар кеш барысында шығарманың мазмұнына терең талдау жасап, өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді. Оқырмандар бен студенттер қызығушылық танытып, сұрақтарын қойып, ой-толғамдарын ортаға салды. 
–  Менің қалауым –  оқырманның кітаптың ішінен өзін табуы. Егер соңғы бетті жапқанда адамда жаңа белеске деген ұмтылыс пен ой оянса, авторлық міндетім толық орындалды деп есептеймін, –  деді Ғалия Нұршайықова.
Кеш соңы автордың кітапханаға өз туындысын сыйға тартуымен түйінделді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив