A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 11:10 0

Мектеп түлектерінің ата-аналарынан ақша жинауға тыйым салынды

Бүгін / Республика

Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіретін түлектердің ата-аналарынан ақша жинауға тыйым салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқу-ағарту және ішкі істер министрліктері мектептердегі бітіру кештерін өткізу тәртібін нақтылады. Бұл бағытта бірлескен бұйрық қабылданбақ. Негізгі мақсат – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Жаңа ережелерге сәйкес, аттестат табыстау рәсімі тек мектеп ғимаратында өтеді. Мектептен тыс жерде бітіру кешін өткізуге, ата-аналар мен оқушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынып отыр.

Сонымен қатар, жергілікті әкімдіктерге қосымша қаржы талап етпейтін тәрбиелік және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру тапсырылды. Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бақылап, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Яғни, биылғы бітіру кештері бұрынғыдай ресторан, банкет форматында емес – мектеп қабырғасында, қарапайым әрі қауіпсіз форматта өтеді.

Фото: Gov.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив