Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов әріптестерін театрға жиі барып, жергілікті өнерпаздарға қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Бізде жыл сайын 20-дан астам премьера өтеді. Билет бағасы қолжетімді. Өзім демалыс күндері театрға баруға тырысамын, сіздерге де соны ұсынамын. Бұл әрі демалыс, әрі мәдениет, - деді облыс әкімі.
Сол жиында жұмыс мәселелері де кеңінен қаралды. Атап айтқанда, Президент пен Премьер-министр тапсырмаларының орындалуы, Сәтбаев-Жібек жолы жолайрығының құрылысы сөз болды.
Қаржыландыру мәселесіне қатысты Нұрымбет Сақтағанов жұмысты жеделдетіп, қойылған міндеттердің орындалуын апта сайын бақылауда ұстау міндетін қойды.
Пікірлер