Өскемен қаласында отбасы күні қарсаңында қарттар үйінде екі зейнеткердің некесі қиылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Людмила Николаевнаның жасы 71-де. Ол қарттар үйінде жолдасын кезіктіретіндігін еш сезбеген.
«Қарттар үйіне түскеніме біраз жыл болды. Міне, өзімнің жан жарымды таптым. Қазір тіпті кейде аяғымның ауыратындығын ұмытып кетемін. 64 жастағы күйеуім мені сыйлайды, жақсы көреді. Осылай нағыз отбасылық бақытқа ие болып отырмыз», - дейді зейнеткер.
Екеуі 2 ай бойы сөйлесіп жүрген. Қалыбек Катеев үйленуге ұсыныс жасап, Людмила Николаевна өз келісімін берген.
«Некемізді тіркедік. Енді қарттар үйінде бірге тұрамыз. Тіпті бізге бөлек бөлме берілді. АХАТ қызметкерлеріне осында келіп, некемізді тіркегені үшін көп рахмет!», - дейді ерлі-зайыптылар.
ШҚО АХАТ басқармасының басшысы Әлия Қырықпаеваның айтуынша, отбасы күнінде шаңырақ көтергісі келетін шығысқазақстандықтар көп.
Пікірлер