Тарбағатай мемлекеттік паркінде борсық фототұзаққа түсті
Тарбағатай / Бүгін
Аталған бейнежазбамен ғылым, ақпарат, және экологиялық мониторинг бөлімі өкілдері бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми мәліметте борсық сусарлар тұқымдасына жататын сүтқоректі аң екені жазылған. - Дене ұзындығы 60-90 см, құйрығы 15-20 см. Тірлігін түнде жалғастыратын жыртқыш. Борсық күндізгі өмірінің көп бөлігін інінде өткізеді, ал түнде аң аулайды. Борсықтың ұзын тырнақтары терең шұңқырларды қазуға өте жақсы бейімделген. Ол тышқан тәрізді кеміргіштерді аулайды, - делінген Тарбағатай мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің ресми парақшасында.
Пікірлер