Құйған ауылы тұрғындары осы учаскеде су бөгетін, я болмаса су қоймасын салу мәселесін бірнеше рет көтерген болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауыл қарттарының бірі аудан басшысы алдында «Құсты» өзені бойында су бөгеті салына ма, жоқ па деген сауал тастады. Тарбағатай басшысы Дархан Жөргекбаев салынбайтынын кесіп айтты. Мұның себебі сол, әлі жобаға енбеген.
– Су бөгеті емес, «контррегулятор» дейді. Мұны алдымен «Жол картасына» енгізуге тиіспіз. Бірақ та қазір аудандағы 43 млн текше су жинайтын Қандысу су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу басшылыққа алынған. Тағы бір ауқымды жоба – Орта Ласты өзені маңындағы «Мысық» учаскесінде су қоймасын салу, – деді Дархан Шомпайұлы.
Айта кетейік, мұның алдында Құйған ауылы тұрғындары осы учаскеде су бөгетін, я болмаса су қоймасын салу мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Жуықта облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың Тұғыл халқымен кездесуі кезінде Тарбағатай ауданы басшысы осы туралы мәліметпен бөлісті.
Пікірлер