25 қараша күні Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы болып Құрманғалиев Ермек Төлеуханұлы тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ермек Төлеуханұлы 1981 жылы 16 шілде күні Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Психология" мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2003 жылы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы М. Әуезов атындағы орта мектебінде психолог маманы болып бастаған.
Аталған білім ордасында 2007-2010 жылдар аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2012 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша аяқтаған.
2014-2016 жылдары аралығында Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында директордың орынбасары қызметін атқарған.
2015 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратура бөлімін "Әлеуметтік педагогика" мамандығы бойынша аяқтаған.
2016 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде "Тәрбие және әлеуметтік даму" басқармасы басшысы қызметін атқарған.
2016-2019 жылдары ШҚО Дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы, 2019-2021 жылдар аралығында бөлім басшысы болып жұмыс істеген.
2021-2022 жылдар аралығында Өскемен қаласы Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды.
2022 жылдың 10 қарашасынан осы уақытқа дейін Тарбағатай ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Пікірлер