Тарбағатай ауданындағы Қандысу су қоймасын реконструкциялау мәселесі қолға алынды. Бұл бастама 2023 жылғы 24 ақпанда Парламент Мәжілісі және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен өткен сайлауалды кездесуде көтерілген болатын.
Облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Ақжар аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Болат Нұрпейісовтің айтуынша, жобалық-сметалық құжаттарды дайындау үшін 90 миллион теңге қаражат бөлінген.
«Қандысу су қоймасын реконструкциялау» жобасының құжаттарын «Казгипроводхоз институты» ЖШС әзірлеуде. Тапсырыс беруші - Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті. Жобаның аяқталуы 2025 жылға жоспарланып отыр», – деді ол.
Қандысу су қоймасының жаңғыртылуы өңірдегі су ресурстарын тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығын дамытуға тың серпін бермек. Айта кетейік, жобаның жүзеге асуына Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров ерекше атсалысты.
Пікірлер