A+ A A-

talgatzhan 19 20-09-2024, 14:20 0

25 оқушысы бар Тарбағатай ауданындағы ауылда жаңа мектеп құрылысы қалай жүріп жатыр?

Тарбағатай / Бүгін

Жуықта аудан әкімі Дархан Шомпайұлы Қарасу ауылдық округіне қарасты Шолақорда ауылында болып  жаңадан салынып жатқан мектептің құрылыс жұмыстарын бақылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Tarbagatay.audany парақшасы мәліметінше, қазір бұл ауылдағы 2000 жылдары ауыл азаматтарының өз күшімен саман кірпіштен салған ескі мектеп ғимаратында 25 оқушы білім алып жатыр. 
- Сонымен қатар мектепке дейінгі шағын орталықта 6 бала тәрбиеленуде. Жалпы бұл жаңа мектептің құрылысына облыстық бюджеттен 600 млн теңге қаражат қарастырылған. Мектеп оффтейк келісім, үш жақты меморандум аясында жөнделуде. Қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарламалар арқылы Алматы қаласынан, оңтүстік өңірлерден бұл ауылға көшіп келуге ниет білдірген 3 отбасы бар екен. Олардың бірі осы ауылдың өз тумасы, көпбалалы отбасы, - делінген мәліметте.
Осы мақсатта алдағы жылдары ауылға жаңа баспаналар салу қажеттілігі де аудан басшылығының назарында тұрған  жоспарлардың бірі. Аталған мәселелер оңды шешімін тапқан жағдайда болашақта мектепте оқушыларының саны көбейеді деп болжануда. 
Аудан басшысы мектеп құрылысын алдындағы ұлық мереке 25 Қазан Республика күні мерекесі қарсаңына дейін толық  аяқтауды тапсырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив