Тарбағатай ауданындағы Ақжар ауылының №905 сайлау учаскесінде таңғы сағат 07:00-де әнұран шырқалып, дауыс беру басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алғашқы болып ауыл тұрғыны Жанат Тусупова өз дауысын берді. Сондай-ақ елімізде маңызы бар сайлау науқандарына үнемі ерте келуді дәстүрге айналдырған ардагер ұстаз Совет Көкебаев пен Гүлбану Қайырбаева да өз таңдауларын жасады.
Учаске төрағасы бірінші келіп, белсенділік танытқан азаматтарға шағын сыйлықтар табыс етті.
Пікірлер