Аудан әкімі Дархан Жөргекбаев Ақжар ауылындағы орталық стадионның жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында орталық стадионды қайта жаңарту үшін бюджеттен 300 миллион теңге бөлінген. - Қазіргі уақытта жүгіру жолағы қайта жөнделіп, киім ауыстыру және жуыну бөлмелерінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ көрерменге арналған трибуна жөнделуде, - делінген аудан әкімі бөліскен мәліметте. Бұл ақпаратты Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер