A+ A A-

talgatzhan 26 11-10-2024, 16:50 0

Тарбағатай ауданы әкімдігі 380 мың теңгеге садақ пен жебе сатып алмақ

Тарбағатай / Бүгін

Екеуін әкеліп беруге жауапты әлеуетті жеткізушілер анықталып қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялаған — аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі қазан айының 9-ы аяқталып қойған. Порталға қойылғаны — екі құжат. Бірі — 60 мың теңге, екіншісі — 320 мың теңге. Құжатқа сәйкес, дәстүрлі садақ ату үшін 60 мың теңгеге 40 дана жебе, 320 мың теңгеге 4 садақ керек. Әр садақ 80 мың теңге деп есептелді. Бұл жақта осыған қатысты орталық ашылуы мүмкін немесе мергендердің басын қосатын сайыс өткізілгелі жатыр.

Мәлім болғандай, жебе бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсына жеті ұйым қатысты. Солардың ішінде 60 мың теңге бағаны 47400 теңгеге түсірткен «Миламид» жеке кәсіпкерлігі жеңімпаз атанды. Мемлекеттік тапсырыс берушілер тізімінде бар екен, орналасқан жері — Петропавл қаласы. 
Ал аудандық бөлімге 4 садақ сатып әкеліп беруге келіскен — «Гнездова Анна» жеке кәсіпкерлігі. Орналасқан жері ретінде Абай облысы көрсетілген.
— Жебелердің материалы мен өлшемдері тапсырыс берушімен келісіледі. Шарт жасалған күннен бастап 15 күн ішінде жеткізілуі тиіс, — делінген техникалық сипаттамада. 

Фотосурет Islam.kz 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив