Аудан әкімі Дархан Жөргекбаев бастаған жауапты тұлғалар құрылыс жүргізілетін жерді таңдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Дархан Шомпайұлы бөлім басшыларынан қазір құрып отырған жоспарларын сұрады. Олардың сөздерінше, не болса да құрылысты суға жақын жерде жүргізбеу керек, әрі ол жер мемлекет тарапынан қорғалады.
- Үш-төрт күнде инвестор келеді. Осы бастан бүге-шігесіне дейін талқылап алайық. Электр энергиясы және басқа да коммуникация құралдарын тарту қажет болса, тексеріс жүргізу керек. Ақжар ауылында қазір бір жерді белгілеп отырмыз, - деді әкім.
Басқа да жерлер қамтылатын көрінеді. Бөлім басшыларының бірі Тұғыл маңында жанармай бекетін салу қиынға түсетінін алға тартты. Электр энергиясын тарту қажеттілігі туындаса, Қарасу ауылдық округі арқылы жүзеге асыруға болатын көрінеді. Бір есептен, бұл катодты жолдың жобасына енген.
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер