Аудан әкімі Дархан Жөргекбаевпен пен аудандық мәслихат төрағасы Өмірхан Қанағатов Ақжар ауылының Жамбыл көшесінде орналасқан көппәтерлі үйлердің ауласын абаттандыру жұмысымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жобаға биыл аудандық бюджеттен 15,8 млн теңге бөлінген болатын. Бұған абаттандырудан бөлек, асфальттау да кіреді.
Мердігер «Ивега» ЖШС өкілінің ақпаратынша, негізгі жұмыстар аяқталды. Алдағы уақытта аулаға балалар ойын алаңы, қоқыс қалдықтарына арналған арнайы орын әзірленбек. Аула тұрғындары аудан әкімі Дархан Шомпайұлына, абаттандыру жұмыстарын атқарған мердігер Қайрат Қабдешұлы мен инженер Бауыржан Рахметовке зор алғыстарын білдірді.
Пікірлер