Тарбағатайдағы жарық мәселесіне қатысты бірқатар жаңалықты аудан әкімі Дархан Жөргекбаев Өңірлік комуникациялар қызметінде берген баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2023 жылы жалпы аудан бойынша 22,5 шақырым көше жарықтандырылған, биыл 14 ауылға жарық жүйесі тартылуда.
- 2024 жылы аудан орталығы Ақжар ауылы мен Тұғыл ауылының, сондай-ақ Жаңауыл мен Қабанбай округтеріне қарасты барлық ауыл 100 пайыз толық жарықтандырылды. Жылдың соңына дейін Маңырақ пен Бозша ауылдарының барлық көшесі жарықпен қамтамасыз етіледі. Алдағы уақытта Қарасу ауылындағы 3 көше, Жетіарал ауылындағы 3 көше, Қамысты ауылындағы 1 көшеге, Жаңалық ауылындағы 1 көше, Жамбыл ауылына қарасты 2 көшеге жарық тартылады, - деді Дархан Шомпайұлы.
Аудан әкімінің айтуынша, 2026 жылы барлық ауылдық округ орталықтарын және ауылдық елді мекендерді 100% жарықтандыру жоспарлануда.
Пікірлер