Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ақпаратынша, торайларын ерткен - ортаазиялық қабан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ортаазиялық қабан (Sus scrofa nigripes) - қабан тұқымдасының қорек талғамайтын, күйіс қайыратын сүтқоректі түрі.
- Олардың үй шошқасынан ерекшелігі сол, денесі қысқа және тығыз. Сонымен қатар, қабанның басы ұзын және жіңішке, құлақтары ұзын, өткір және сонымен бірге тік болады, - делінген ақпаратта.
Қабанның жоғары қарай өсіп келе жатқан жоғарғы және төменгі азу тістері аталықтарында әлдеқайда жақсы дамыған.
Ақпарат пен видео tarbagatai_2018 парақшасынан
Пікірлер