Аудан әкімі Дархан Жөргекбаевтың ақпаратынша, соңғы екі жылда Тарбағатай өңірін сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүзеге асуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, қазір ауданның 28 елдімекені 100% ауызсумен толық қамтылды. - Оның ішінде, 12 ауылда орталықтандырылған ауызсу жүйесі тартылған. Алайда, блокты модульды не ұңғымалы станциялар арқылы ауылдарды ауызсумен қамту тәсілі біздің көңілімізден шықпайды. Себебі, ауызсумен толыққанды қамтамасыз етілген деп су жүйесі үйлерге кіргізілген ауылдарды атауға болады, - дейді аудан әкімі.
Дархан Жөргекбаевтың айтуынша, биыл Құйған және Жаңауыл ауылдарына қосымша ауызсу құбырларын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 7 ауылда ауызсу құбырларын жаңғырту үшін тиісті құжаттар әзірленуде. Осылайша 2027 жылы орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған ауылдар үлесі 82,1% құрайтын болады.
Пікірлер