Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев екі ауылда құрылысы басталған спорт нысандарының жағдайын айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, бұл жақта Ақжар және Тұғыл ауылдарында спорттық сауықтыру кешендерінің құрылыстарын қолға алынған.
- Тұғыл ауылында аталған нысан биыл қолданысқа берілсе, Ақжар ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды. Осылайша, біз заманауи кешендерді тұрғындарға ұсына отырып, спортпен шұғылдануға, бұқаралық спортты дамытуға үлкен мүмкіндік береміз. Екі жыл ішінде 20 жасанды төсеме мен шағын футбол алаңдары салынып, олардың жалпы саны 29-ға жетті, - деді әкім.
Пікірлер