A+ A A-

talgatzhan 31 5-11-2024, 10:00 0

Өскеменде Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтеді

Тарбағатай / Бүгін

«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында ұйымдастырылатын шара әдеттегідей екі күнге жалғасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәдени шараның алды 8-ші қараша күні сағат 15:00-де басталады. Алдымен ардагерлер «Туған жер – алтын бесігім» атты қазақша куйз ойынында бақ сынайды. Бұл Протозанов көшесі, 43 мекенжайындағы облыстық филармонияның Food cord» залында өтеді.
Дәл осы мекенжайда сағат 17:00-де Тарбағатай ауданы қолөнер және бейнелеу шеберлерінің көрмесі басталады. 
Сағат 18:00-де Тарбағатай ауданы өнерпаздарының концерті. Қалалықтар мен шаһар қонақтары концерт залына ойысады.
9-шы қараша күні Жібек жолы, 6 мекенжайында ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сол жерде сағат 10:00-де спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтеді.
Мәдени күндер сағат 10:00-де облыстық өнер мұражайындағы (Төлеген Тоқтаров к-сі, 56) «Бояулар құпиясы» атты сурет салу өнері бойынша шеберлік сағатымен жалғасса, «Ақжар эстрадалық ансамблі» ВИА ашық аспан астында концерт өткізеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив