Бұл туралы ақпарат Мұхтар Тойбазаровтың әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жазбада көшпенділер ойынына да аз-кем тоқталып өтті.
— Қазақстанда дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтіп жатыр. 4 мыңнан астам қатысушы бақ сынап жатыр. Алыс-жақыннан жүз мыңдаған турист келді. Қазір төрткүл дүние осы шараға көз тігіп отыр. Біздің басқа елдерден ерекшелігіміз де, артықшылығымыз да осы ғой, біле білсек. Міне, бұл — көшпенділердің/номадтардың мәдениеті. Біз — олардың тікелей мұрагеріміз.
Сондықтан, ұлттық құндылықтарды біз насихаттамағанда, біз қолдамағанда кім қолдайды? — деді ол.
Мәлім болғандай, бүркітшілер фестивалі «Шығыс салбұрыны» 2024 жылдың 12 қазанында өтеді. Фестивальдің есігі барлық келем деушілерге ашық. Қалай келем десеңіз өз еркіңіз. Көлікпен келесіз бе, ұшып келесіз бе? Ешқандай ақы талап етілмейді.
Өйткені, халықаралық Бүркітшілер сайысының барлық шығынын ШҚО мен Ұлан ауданы әкімдігі көтереді. Облыс әкімінің өзі тікелей қолдау білдіріп отыр, — делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, өңірдің бір топ туристік компаниялары ұлттық құндылығымызды өңірдің туристік локомотивіне айналдыру үшін маркетингтік стратегия әзірледі.
Пікірлер