
Ұлан ауданында 8,9 млрд теңгеге 78 жобаны іске асыру көзделген
Қыркүйек айының 9-ы күні аудан басшысы Арман Бекбосынов сегіз айды қорытындылап, Өскеменде жиын өткізді. Әр салаға қысқаша тоқталып, бүгінге дейін не істелінді, нәтиже қандай екендігі жөнінде ақпар ұсынды. Айтуынша, жыл басталғалы алты ауылдың жолы жөнделіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шаруашылықтан шашау шығармас үшін...
Мәлім болғандай, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 1,9 мың тонна көлемінде дала жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдікті дизель отынын сатып алды. Шаруалар егін жинауға ерте кірісіп, азаматтар 14-ші шілдеде техникаларын оталдырған. Бүгінде аудан шаруашылықтары 16,3 ц/га өнімділікте 29,7 мың га астық жинады.
Суармалы жерлерді ұлғайту мақсатында ауданда «RAMAGRO» ЖШС (300,2 га, «Ертіс» ӘКК АҚ арқылы несиелеу, пайдалануға берілді), «Багратион-2» ШҚ (676,6 га), «АгроВостокЛТД» ЖШС (511 га) базасында «SU BEREKE» маркалы жабдықтарды орнату бойынша жобалар іске асырылуда. «Ертіс» ЖШС (160,8 га), «Шарапат Агро» ЖШС (38,7 га). Жыл соңына дейін барлығы 1,7 мың гектарға жуық суармалы жерлерді енгізу жоспарланған.
Сонымен қатар, ауданда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда:
1) Ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі ферманың құрылысы, «AGRO Vostok LTD» ЖШС (1,1 млрд теңге, аяқталуы 2025 ж.);
2) Роботтандырылған ферма құрылысы, «Украинка» ШҚ (1,6 млрд теңге);
3) Қуаттылығы 1,5 га егіс алаңы бар жылыжай кешенінің құрылысы, «Агрокешен Донское» ЖШС (500 млн теңге, 2019 жылы басталған, 2024 ж. аяқталуы).
Арман Бекбосыновтың сөзінше, тұрғындар табысын арттыру үшін биыл «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру жалғастырылады. 2024 жылға аудан бойынша жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге 135 өтінім дайындалды. Оның ішінде:
-
ауыл шаруашылығы жануарлары мен техниканы сатып алу,
-
сүт өнімдерін өңдеу, макарон цехын ашу,
-
тұшпара цехын кеңейту,
-
көкөністерді өңдеу,
-
туризмді дамыту және тағы басқасы бар.
Одан бөлек, былтыр «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 153,0 млн теңгеге 20 қарыз алушы несие қаражатын алды.
– Жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жалғасуда. 2024 жылдың 8 айында 23,6 мың га 2,5 мың га (10,6%) қайтарылды. Осы бойынша жұмыс жалғасуда (2023 жылы 20 мың га жер қайтарылды). Тұрғындар төрт түлігін бағу үшін жайылым алаңдарын ұлғайту мақсатында елдімекендер шекараларын кеңейтіліп жатыр. Осы жылы төрт ауылдың (Алмасай, Баяш Өтепов, Каменка, Тройницкое) шекарасын белгілеуге 7,5 млн теңге (облыстық бюджет) бөлінді, – деді әкім.
Аудан мектептерінде 5404 бала оқиды, оның ішінде бірінші сыныпқа 457 бала барды. Ресми ақпаратқа сенсек, «Болашақ» лагері, Восточное, Айыртау ауылдарындағы мектептер – яғни, үш білім беру нысаны 80,9 млн теңгеге жөнделді. Бозанбай ауылындағы орта мектепті кезең-кезеңімен күрделі жөндеуден өткізу аяқталмақ. Оған 271,4 млн теңге қарастырылды. Бұл мақсатқа 2023 жылы 68,7 млн теңге, 2024 жылы облыстық бюджеттен 202,7 млн теңге бөлінген болатын.
– Осы жылы 61 млн теңгеге жаңа модификациядағы бес пәндік кабинет (биология, химия, физика, робототехника, stem), Восточное және Мамай батыр ауылдарының мектептеріне 72 млн теңгеге балаларды тасымалдауға арналған 2 автобус сатып алынды. Ауданның 12 мектебінде интернет жылдамдығын арттыру үшін «Starlink» спутнигі арқылы жабдық орнатылды, – деді Ұлан ауданының тізгінін бір ай бұрын ұстаған әкім.
Инфрақұрылымды дамыту бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 8,9 млрд теңгеге 78 жобаны іске асыру көзделген (2023 жылы - 7,5 млрд. теңгеге 108 жоба).
Халықты сапалы сумен жабдықтаумен және су бұрумен қамтамасыз ету саласында:
№ |
Кент, ауыл атауы |
Бөлінген қаржы |
1 |
Биыл Қасым Қайсенов кентінде |
су құбыры желілерін қайта жаңартуға 1,7 млрд теңге |
2 |
Отрадное ауылында |
су құбыры желілері мен құрылыстарын салуды бастауға 68 млн теңге бөлінді |
3 |
Асубұлақ кентінде |
су құбыры желілері мен құрылыстарын реконструкциялауға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде (әзірлеуші – «Казгражданстройпроект» ЖШС, аяқталу мерзімі – 2024 жылғы 15 қыркүйек) |
4 |
Бозанбай ауылында |
су құбыры желілері мен құрылыстарын салу (әзірлеуші – «Востокмассивпроект» ЖШС, аяқталу мерзімі - 2024 жылғы қазан) |
Кентке көңіл бөлініп жатыр
Сондай-ақ, Алмасай ауылында (Т.Тоқтаров, Т. Нұрсейілов көшелері) 10,8 млн. теңгеге су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілген көрінеді.
– Жылумен жабдықтауда өткен жылы Таврия ауылының бұрынғы аудан орталығын дамыту жоспары шеңберінде жылумен жабдықтау желілері салынды (367,5 млн теңгеге), осы жылы қазандықтың құрылысы жүргізілуде (жалпы құны – 965,7 млн. теңге, 2024 жылы республикалық бюджеттен 811,6 млн теңге бөлінді), – деді Арман Ілиясұлы.
Әкім осыны айтты да аудан орталығы туралы ақпаратпен бөлісті:
-
Қасым Қайсенов кентінде 2023 жылдан бастап 873,7 млн теңгеге (2023 жылы 200 млн теңге, 2024 жылы – 600 млн. теңге) 1 кезекті жылумен жабдықтау жүйесін (811,5 М. жылу желілері) қайта жаңарту жүргізілуде.
-
Қасым Қайсенов кентінің жылумен жабдықтау жүйесін 2,8 млрд.теңгеге (2,5 млрд. теңге ағымдағы жылдың қыркүйек айында РБ-дан бөлінген) 2 кезекті (9,8 км жылу желілері) қайта жаңарту жоспарланған.
-
Сонымен қатар, Қасым Қайсенов кентінде жалпы сомасы 235,1 млн.теңгеге жылу желілері (48,1 млн. теңге) мен орталық қазандыққа (187,0 млн. теңге) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қолда бар дерекке сүйенсек, Айыртау мен Герасимовка ауылдарында 278,5 млн.теңгеге дәрігерлік амбулаторияларға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. (Айыртау ауылы – «Артабан System» ЖШС мердігері, Герасимовка ауылы – «СтройДомСервис» ЖШС мердігері).
Басқа аудандарлағыдай «Бір қабатты Шығыс» жобасын мұнда да іске асып жатыр. Соған сәйкес, биыл Герасимовка ауылында 1,6 млрд теңгеге 44 екі пәтерлі үйдің (88 пәтер) құрылысы жүріп жатыр (көпбалалы отбасылар үшін 690,2 млн. теңгеге 34 пәтер, Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 897,4 млн. теңгеге 54 пәтер).
– Ауданның жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін жыл шеңберінде алты ауылда (Айыртау, Мамай батыр, Герасимовка, Украинка, Таврия, Қасым Қайсенов) 466,1 млн теңгеге (жалпы ұзындығы 9,1 км) орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 6 елді мекенде 33 млн теңгеге (Макеевка, Бестерек, Қасым Қайсенов, Ново-Одесское, Саратовка, Таврия) жолдарды жөндеу ғана тексерілді, – деді жауапты тұлға.
Брифинг кезінде «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 144 млн теңгеге Тарғын және Мамай батыр елдімекендері жолдарының 2,5 шақырымы жөнделгені айтылды.
– Бұдан басқа, 15 ауылда (Қасым Қайсенов, Асубұлақ, Гагарино, Привольное, Тройницкое, Донское, Айыртау, Жаңа Қанай, І.Айтықов, Сағыр, Жанұзақ, Сарыөзек, Огневка, Желдіөзек, Ұлан) 72,6 млн теңгеге ағымдағы жөндеуге және көше жарығын орнатуға қаражат бөлу жоспарланған, – деді аудан басшысы
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы

Руханият

Жұлдыз жорамал

Пікірлер