11 қазанда Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбе» этноалаңында бесінші мерейтойлық «Шығыс Салбурыны» фестивалінің соңғы күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауқымды іс-шара барысында бүркітшілер өнері, тазылардың шеруі, ұлттық киімдер көрмесі, 20 киіз үйден құралған этноауыл, қазақтың дәстүрлі ғұрыптары мен гала-концерт ұсынылады.
Қазақстан, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан және басқа да елдерден келген қатысушылар өздерінің мәдени мұрасы мен этноспорттағы шеберлігін көрсетеді.
Айта кетейік, ертең сағат 08:00-де Өскемендегі «ADAL» автовокзалынан «Өскемен – Бозанбай – Бүркіт төбе» бағыты бойынша автобус жолға шығады. Кері қайту уақыты - сағат 16:00. Жол ақысы - 1000 теңге.
Қоғамдық көлік «Эмилия», «Өзен вокзалы», «Фреш Маркет», «Сәтпаев», «Сол жағалаудағы полиция бөлімі (жатақхана)», «20 шағын аудан» аялдамаларына тоқтайды.
Пікірлер