Шығыста биылғы аңшылық маусымының дәстүрлі ашылуы — «Шығыс салбурыны – 2025» фестивалі басталды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылындағы Бүркіттөбе баурайында түркі әлемінің бай мәдени мұрасын дәріптейтін құсбегілер бас қосты. Биылғы сайыста елдің 11 өңірінен және әлемнің 6 мемлекетінен келген барлығы 90-ға жуық бүркітші бас қосты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – қазақтың құсбегілік дәстүрін жаңғыртып, ұлттық өнерге жастардың қызығушылығын арттыру.
Айта кетейік, «Шығыс салбурыны» алғаш рет 2020 жылы өткізілген. Содан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан дүбірлі дода биыл бесінші рет өткізіліп отыр.
Пікірлер