A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:40 0

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова республикалық диктантқа қатысуға шақырды

Бүгін / ШҚО

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Ольга Рыпакова шығысқазақстандықтарды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен 10-20 қазанда қаржы қауіпсіздігі жөнінде өтетін республикалық диктантқа белсенді қатысуға шақырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Диктантқа 6–11 сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, барлық салада жұмыс істейтін азаматтар, зейнеткерлер, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және қаржылық мониторинг субъектілері қатыса алады. 

Аталған бастама онлайн форматта 20 сұрақтан тұратын тест түрінде ұйымдастырылады. Тестті өту уақыты – 25 минутқа дейін, тапсыру саны - шектеусіз. Диктант AML Академиясының (https://amlacademy.kz/finiq) сайтында өтеді.

Дұрыс жауаптардың кемінде 50%-ын (10 және одан көп) жинаған қатысушыларға Қатысушы сертификаты табысталады. 80% және одан да көп (16 және одан көп) дұрыс жауап бергендер Жеңімпаз дипломына ие болады. Әр өңірде диплом алған алғашқы 10 жеңімпаз естелік сыйлықтармен марапатталады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив