A+ A A-

talgatzhan 34 6-10-2025, 09:15 0

6 - 12 қазан аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамал

Тоқты
Қаражат бойынша ісіңіз ілгерілейтін сәт жақындап келеді. Табысты әрі қарай көбейту үшін қосымша ақша салсаңыз еш ұтылмайсыз. Бұл уақытты ренжісіп қалған таныстарыңызбен тіл табысуға арнаған жөн. 
Торпақ
Өзіңізді дамытып, біліктілігіңізді арттыратын кезең. Оны қолға алатын күнді Жұлдыздар қазан айының 9-ы деп бекітті. Еріншектікке жол бермесеңіз жұмыста біршама жетістікке жетуге мүмкіндік бар.
Егіздер
Күрделі жобаларға бір өзіңізге кіріспеген жөн. Әріптестеріңізбен қоян-қолтық жұмыс істесеңіз ортақ жеңістің ауылы алыс емес. Апта ортасында дәрігерлер кеңесіне жүгініңіз, ескі жарақаттар сыр бермесін.
Шаян
Жұмыс көбейе түспек. Қордаланған шаруаның бел ортасына жетсеңіз демалысқа жол беруге болады. Жұлдыздар қазір басшылықпен сөзге келмеуге кеңес береді: сізге деген көзқарасы өзгеріп кетуі ғажап емес.
Арыстан
Күздің көңілсіз кескіні мен қауырт тірлігі әлсірете түсіретіндей. Сол себепті иммунитетіңізді нығайту қажет. Отбасында келісіпеушіліктер болуы мүмкін, салқынқанды болыңыз. Өмірлік жарыңызға жылы сөзді жиі айтыңыз.
Бикеш
Апта ортасында жұмыс бойынша түрлі ұсыныстар түсуі мүмкін. Оған келіспес бұрын сондай өзгерістерге дайынсыз ба, жоқ па, жақсылап ойланған жөн. Қазан айының 30-ы сіз үшін ерекше күн болмақ.
Таразы
Оңаша қалып, томаға тұйық болғанша ел-жұртпен пікір алмасыңыз. Әралуан ойлар жаңа жоспар құруға негіз болады. Нәзік жандылармен әңгіме-дүкен құрсаңыз өмірге жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік аласыз.
Сарышаян
Аптаның соңы жұмыста да, отбасы шеңберінде де қарбалас өтеді. Күш-қуат жинау үшін демалыс күндерін қала сыртында өткізген дұрыс. Аптаның алғашқы күні қаржылық жағдай шиеленісуі мүмкін.
Мерген
Қазір жалғызбасты Мергендердің айы оңынан туады. Басшылық жұмыстағы лауазымыңызды өсіріп, балаңыз әлдебір жетістікке жетуі мүмкін. Дегенмен қуанышыңызды көпке жария ете берудің теріс тұсын да ескеріңіз.
Тауешкі
Ұжымда басшылық тарапынан талап күшеюі мүмкін. Жұмыста бойыңыздағы бар мүмкіндікті паш етсеңіз еңбегіңіз міндетті түрде бағаланбақ. Қолыңыз босап жатса, отбасыңызбен серуенге шығып қайтыңыз.
Суқұйғыш
Шаңырағыңызда жоқ жерден ұрыс-керіс шығып, екі оттың ортасында қаласыз. Мұндайда бейтараптық сақтап, ешбір жаққа өтпегеніңіз дұрыс. Күйзеліске жол бермеңіз: күш-қуатыңызды едәуір азайтады.
Балықтар
Айдың басы қарбаласқа толы өтпек. Әр жерден қоңырау шалып, мазалап жіберетін сәттер көбейеді. Маңызды тапсырмаларды мүлтіксіз орындау үшін ұсақ-түйек мәселелерге көз жұма қараңыз. Жұлдыздар эмоцияңызды сақтауға кеңес береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив