Мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңген мекеме бұл жұмысты жыл біткенше аяқтауы тиіс, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, тақырып Багратион ауылдық округіне қарасты Митрофановка және Привольное ауылдарына қатысты. Техникалық сипаттамаға сүйенсек, жеткізушіде қаңғырған жануарларды аулау рәсімін жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық жағдай болмаса, онда жеткізуші тапсырыс берушінің жазбаша келісімінсіз тиісті базасы бар басқа ұйымдармен осы қызметті жүзеге асырамын деп шарт жасасуға құқығы жоқ.
- Қаңғыған жануарларды аулау тиісті аумақта тұратын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, адамгершілік қағидаттарын сақтай отырып ұйымдастырылады. Оларды аулау жөніндегі жұмысқа наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын және құтырық ауруына қарсы екпе алған адамдар жұмылдырылуы тиіс, - делінген құжатта.
Қараусыз жүрген ит-мысықтарды аулап, уақытша ұстап, жансыздандыруға жауапты ұйымға бірнеше міндет артылған. Нақты айтсақ:
-
аулауды жануарға жарақат салмай, мертіктірмей, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей етіп іске асыру керек.
Жауапты мердігер қаңғырған ит-мысықты аулағысы келсе, бұған балаларды араластырмауы қажет. Жануарларды ұстаған кезде де оларға зиян келмеуі басшылыққа алынады, Айталық, торлар, ұстау кезінде бекітуге арналған арнайы құрылғыны пайдаланып, жануарлардың сілтідей тынуына мүмкіндік беретін ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған препараттарды қолдануға кедергі жоқ көрінеді.
Фотосурет Egemen.kz сайтынан
Пікірлер